БҚО әкімі: Киіктерді атып, мүйізін пайдалануға рұқсат сұраймыз

26 Мамыр 2023, 16:16
2551
Бөлісу:
БҚО әкімі: Киіктерді атып, мүйізін пайдалануға рұқсат сұраймыз
Фото: gov.kz

Өңір басшысы Нариман Төреғалиев қазіргі кезде киіктерге қатысты нақты шешім жоқ екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Киік мәселесін Батыс Қазақстан облысындағы шаруалары көтеріп отыр. Халық "киік санын реттеңіздер" деп сұрап жатыр. Мен бұл мәселені білемін. Әкім болып тағайындалғанда киік көп мекендейтін аудандарды аралап шықтым. Сол жерге Экология министрлінің өкілін шақырдық. Қазір арнайы комиссия да құрылды. Дегенмен еліміздегі заң бойынша да, сирек жануарларды қорғайтын халықаралық конвенция бойынша оларды атуға болмайды, - деп түсіндірді әкім.

Оның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін заңға өзгерістер енгізу қажет.

Түрлі дерекке сәйкес, қазір облыста 1,2 - 1,5 млн киік бар. Заң бойынша олардың мүйізін, терісін және етін пайдалануға тыйым салынған. Дегенмен біз мемлекет тарапынан рұқсат сұрап отырмыз. Сондықтан аймаққа келіп кеткен комиссяның шешімін күтеміз. Себебі олар бәрін өз көзімен көріп кетті. Енді халықаралық мамандар нақты ұсыныстар беретін болады. Солардың шешімін күтуден басқа амал жоқ, - деді Нариман Төреғалиев.

Өзгелердің жаңалығы