Бозжырада парк қызметкерлері арқармен суретке де түсіп жүр

5 Ақпан 2021, 17:32
3261
Бөлісу:
Бозжырада парк қызметкерлері арқармен суретке де түсіп жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысындағы «Бозжыра» шатқалынан 4 шақырым қашықтықта, «Жабайұшқан» қаумалының сыртында қонақ үй салынады. Соған байланысты қоғамдық талқылау өтіп жатыр.

«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Омар Сарсенғазиев Бозжырадағы жабақ туризмді тоқтату керек деп отыр.

«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2012 жылы ашылды. Сол кезде адамдар Бозжыра трактісі туралы біле бастады, қазір туристер саны тез өсіп келеді. Мен өзім инспектор болып бастадым. Сол кездерде біздің көргеніміз жабайы аңдар күн ыстық уақытта, вагондардың қасында біз құйып қойған суларды ішеді. Бүгінгі таңда парктің қызметкерлері арқарлармен суретке де түсіп жүр. Әрине, дәл қасынан болмаса да жақын қашықтықта суретке түсуге болады. Демек арқарларды шошытатын әрекет жасалмаса, олар адамдардан қашпайды, - дейді Омар Сарсенғазиев.

Оның айтуынша, бүгінде табиғи саябақта 1000-ға жуық арқар басы бар. Оларды есептеу үшін сарапшылар екі әдісті қолданады.

Бірінші әдіс - авиация. Екіншісі - көліктегі санақ. Тікұшақпен жүргізілген санақ 90 пайызға дейін нақты көрсеткіш бере алады. Мәселен, 2016 жылы арқарлардың саны 700 шамасында болса, 2020 жылы мыңға жуықтаған. Арқарлар таудың үстіне жайылады. Себебі таудың үстінде шөп бар. Олар қара бұталардың гүлдерін жейді. Бұл жерлер арқарлардың төлдейтін жері болып есептелмейді. Олар тастың үстінде төлдемейді. Арқарлар адам аяғы жетпейтін жерлерге төлдейді. Негізінен арқарлар қырдың үстінде жайылады. Егер адамдар арқарларға тимесе, олар жайылатын жерлерде мылтық атылмаса, жануарларды үркітпесе, арқарлар адамдардан қорықпайды, - дейді табиғи парктің басшысы.
Бұған дейін Бозжыра жобасы бойынша өткен қоғамдық тыңдау барысында Маңғыстаудағы «жылы жағажайдың» инфрақұрылымына 72 млрд теңге бөлінгені айтылды. Бұдан бөлек жаңадан салынатын кешен Бозжыра тауларынан 3-4 шақырым алыста орналасатыны анықталды.
Өзгелердің жаңалығы