15 жастағы қыз танысының көлігін айдап кеткен

7 Қазан 2019, 16:08
2271
Бөлісу:
15 жастағы қыз танысының көлігін айдап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыздың аймақтағы колледждердің бірінде оқитыны анықталды, деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Алматы облысының тәртіп сақшылары "Лексус RХ-300" автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінген 15 жастағы қызды ұстады.

Оқиға 6 қазанда тіркелген. Талдықорған қаласы полициясының "102" пультіне жергілікті сауналардың бірінің аумағынан джип ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Көшелерде орналастырылған бейнебақылау камералары арқылы тәртіп сақшылары ұрланған көліктің бағытын анықтап, қаладан шығу жолдарына тосқауыл қойды.

"Автокөлік облыс орталығынан Үштөбе қаласына қарай бет алған. Күдікті құрбысымен бірге көлікті тастап, такси ұстап із суытуға тырысты. Күдікке ілінген бойжеткен көлік иесінің танысы болып шықты. Күдікті қалалық полицияға жеткізілді және 15 жастағы бойжеткеннің Үштөбе колледжінің бірінде оқитыны анықталды. Ұрланған автокөлік бірден заңды иесіне қайтарылды", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Автокөлікті заңсыз иелену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Құқық бұзушылыққа қатысы бар жағдайлар тексеру барысында анықталады.

Өзгелердің жаңалығы