Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді нөмірлер тіркелген жағдайда борышкерлердің телефондарына іс қозғау және ол бойынша қабылданған іс жүргізу әрекеттері туралы ақпарат бар SMS-хабарлама келіп түсетін болады. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев халық алдындағы есептік кездесуінде айтты.
Бекетаев министрлік сот актілерін орындауды жақсартуға бағытталған шараларды қабылдап жатқанын айтты.
Атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін одан әрі дамыту жүргізілді. Осылайша, екінші деңгейлі он төрт банктің мәліметтер базасы шоғырландырылды. Енді сот орындаушылары онлайн режимде қаржы институттарында ауыртпалықтарды жедел жүктеп, алып тастай алады. Нотариустардың атқарушылық жазбаларын электронды форматта алуға мүмкіндік беретін «Е-нотариат» ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл іске қосылды, - деді министр.
Министр атап өткендей, өнеркәсіптік пайдалануға "SMS-хабарлама" сервисі іске қосылды.
Енді нөмірлер тіркелген жағдайда борышкерлердің телефондарына іс қозғау және ол бойынша қабылданған іс жүргізу әрекеттері туралы ақпарат бар SMS келіп түсетін болады. Бұл жүйені одан әрі жетілдіру бойынша қабылданатын шаралар шеңберінде атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мобильдік қосымшасын әзірлеу жоспарлануда. Ол атқарушылық әрекеттерді кабинеттен тыс жасауға, іс жүргізу тараптарының іс жүргізу құжаттарымен танысуға, қолданылған шаралар мәртебесінің өзгеруіне, санкция алуға жедел ден қоюға мүмкіндік береді, - деді ол.
Бекетаев айтып өткендей, атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті арқылы өндіріп алушының атқарушылық құжатты ұсынуы бойынша функционал кеңейтілуде.