Бородулиха ауданында өртеніп кеткен үйден адам денесі табылды

26 Ақпан 2024, 15:24
1553
Бөлісу:
Бородулиха ауданында өртеніп кеткен үйден адам денесі табылды
Фото: pixabay.com

Бүгін таңғы сағат 08.00-де Абай облысы Бородулиха ауданы Шелехово ауылында жеке тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер тұрғын үйдің шатыры, қабырғалары, терезелері мен есіктердің өртеніп, қосарланған ғимараттарға таралғаны анықталды. 

Өрт сағат 10.56-да оқшауланып, сағат 12.02-де толық сөндірілді. Өрттің алдын ала ауданы 100 ш.м. құрайды. Өрттің себебі анықталуда. Үйді тексеру барысында бәр адамның денесі табылды, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, өрт орнында Абай облысы ТЖД-дан жеке құрамның 9 адамы және 2 техникасы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы