Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров 4-сынып оқушысы Нұрзаман Алмазбековті қабылдады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы президентінің ресми сайты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде төртінші сынып оқушысы 1 метрге жуық омбы қардан қиындықпен өтіп, бірақ табандылықпен мектебіне бара жатқан видеосы тараған.
Президент Садыр Жапаров видеоны көріп, кішкентай оқушының қолайсыз ауа райына қарамастан мектепке барғанын және оның білімге деген ұмтылысын жоғары бағалаған.
Содан кейін Президент Нұрзаманды президенттің шыршасына шақырды және бүгін оған сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, Президент мектеп оқушысына өз ұялы телефонын сыйға тартты.
Кездесудің соңында Президент Садыр Жапаров Нұрзаманға үлкен жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.