Мектепте бомба бар деген күдікті ұсталды

28 Қаңтар 2019, 16:35
4170
Бөлісу:
Мектепте бомба бар деген күдікті ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Мұғалжан аудандық полиция бөліміне 102 телефоны арқылы Қандағаш қаласының №5 орта мектебінде бомба қойылды деген хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері мектеп күзетшісін сыртқа шығарды. Мектеп түгел тексеріліп, ешқандай жарылатын зат табылмаған.

Аталған факті бойынша жергілікті тұрғын ұсталды. Ол мас болған.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің уақытша қамау изоляторына қамалған.

Өзгелердің жаңалығы