Бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне қалай ауысуға болады?

14 Сәуір 2023, 21:35
1558
Бөлісу:
Бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне қалай ауысуға болады?
Фото: ftp.dknews.kz

Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ретроспективті түрде бөлшек салықтың арнаулы салық режимініңқолданылуы жаңартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осыған орай, көптеген салық төлеушілерде бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне көшудің тәртібі туралы сұрақтар туындауда.

Осылайша, бөлшек салық АСР мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) салық кезеңі үшін қызметкерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайтын;

2) күнтізбелік жылдағы табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;

3) осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асыратын салық төлеушілер қолдануға құқылы.

Құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың бөлшек салықтың АСР қолдануға құқығы жоқ.

Бұл ретте, бөлшек салықтың АСР-ға ауысуы (аударымы) кез келген қолданылатын салық салу режимінен жүзеге асырылатынын атап өтеміз.

Бөлшек салық АСР-не көшу (аудару) тәртібі ретроспективті түрде (01.01.2023 жылдан бастап) уақытша болып табылатындықтан, осы норманы қолдану үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - АЖ) пысықтау жүргізілген жоқ.

Осыған байланысты мұндай ауысуды келесідей түрде жүзеге асыру ұсынылады.

1. ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер үшін

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек салықтың АСР-не ауысуға өтініш білдірген салық төлеушілер а.ж. 1 мамырына дейін мемлекеттік кірістер органдарына «G. Бөлшек салықтың СТН-на» 2-бөлімінде «В. АСР қолдану шарттарына сәйкес келмеу» себептерінің белгісі бар АСР бойынша Хабарлама ұсынуы қажет, ол осы режимді 01.01.2023 жылдан бастап кез келген күннен 30.04.2023 жылға дейін қолдануына мүмкіндік береді.

Мысалы, салық төлеуші «G. Бөлшек салықтың СТН-на» 2-бөлімінде «В. АСР қолдану шарттарына сәйкес келмеу» себептерінің белгісі бар АСР бойынша Хабарламада 20.02.2023 жылды көрсеткен, тиісінше, МКК АЖ мұндай салық төлеушіні 01.02.2023 жылдан бастап автоматты түрде ауыстырады.

АСР бойынша Хабарлама қызметті жүзеге асыру орны бойынша электрондық нысанда немесе қағаз түрінде ұсынылады.

Бөлшек салықтың АСР-не көшу үшін қоғамдық тамақтандыру саласында белгіленген қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асыруға байланысты қолданылатын салық салу режимі туралы Хабарламаны (бұдан әрі - АСР бойынша Хабарлама) ұсынған салық төлеушілерде 01.01.2023 жылдан 01.05.2023 жылға дейінгі кезеңде «ҚҚС бойынша шекті мәннен» асып кеткен жағдайда Салық кодексінің 82-бабының ережелеріне (ҚҚС бойынша шегі) қарамастан ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беру жөніндегі міндеттеме туындамайды.

2. ҚҚС төлеушілер болып табылатын салық төлеушілер

Бөлшек салықтың АСР-не ауысуды жариялаған ҚҚС төлеушілер АСР бойынша Хабарлама берілген күннен бастап а.ж. 1 мамырына дейін:

- «А. ерікті шешім қабылдау» себептері бойынша «G. Бөлшек салық АСР-не» 2-бөлімінде белгісі бар АСР бойынша Хабарлама;

- қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) төлеушілерді тіркеу есебі туралы салықтық өтініш (қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алу бөлігінде);

- ҚҚС бойынша тарату салық есептілігін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуы қажет.

АСР бойынша Хабарламаны қызметті жүзеге асыру орны бойынша ҚҚС төлеушілер тек қағаз түрінде ұсынады.

Көрсетілген салық төлеушілер үшін бөлшек салықтың АСР қолданылуының басталу күні, АСР бойынша осындай Хабарлама берілген күн болады.

3. Сондай-ақ, салық төлеушілер мұндай ауысудың жалпы қабылданған ережелері бойынша бөлшек салықтың АСР-не ауысуға, яғни «А. ерікті шешім қабылдау» себептері бойынша «G. Бөлшек салық АСР-не» 2-бөлімінде белгісі бар АСР бойынша Хабарлама ұсынылған айдан кейінгі келесі айдың 1-күнінен бастап құқылы.

АСР бойынша Хабарлама қызметті жүзеге асыру орны бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы