Бөлекпаев екі аудан әкімдері мен қала әкіміне де ескерту жасады

28 Ақпан 2024, 19:48
321
Бөлісу:
Бөлекпаев екі аудан әкімдері мен қала әкіміне де ескерту жасады
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды тұрғындарының шағымдарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев облыс орталығының басшылығын жол жиектерінде, жаяу жүргіншілер аймақтарында, тротуарларда қар жинамағаны үшін, сондай-ақ аялдамалардың жағдайына көңіл толмайтынын айтып, сынға алды.

Тұрғындар тарапынан шағымдар көп. Өңір басшысынан да біраз ескертулер жиналып қалған.

Қарағанды және екі аудан әкімдерімен бірге облыс басшысы Пришахтинск және Майқұдық көшелерін, соның ішінде жеке секторды, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс пен Федоровканы аралап шықты.

Жұмыс сапары барысында Ермағанбет Бөлекпаев олқылықтарды жою керек жерлерді көрсетті.

Сондай-ақ жылы аялдамаларды тексерді.

Мен үнемі көшелерді аралап өтемін. Сондай-ақ әлеуметтік желілерді, БАҚ оқимын. Жолдарға қатысты сұрақтар белгілі бір деңгейде шешіліп жатқанын көрсек те, аялдамалар мен тротуарларға қатысты шағымдар көп екенін байқаймын. Бүгін екі аудан әкімдеріне қатаң ескертулер жасадым – бұл олардың тікелей міндеттері. Қала әкіміне де ескерту жасалды. Тұрғындар үшін жайлы жағдай жасалмаған. Сонымен қатар, су тасқыны кезеңі жақындап қалды. Біріншіден, қазір қарды шығару, содан кейін арналарды, нөсерағар жүйесін тазарту қажет, – деп мәлімдеді Ермағанбет Бөлекпаев.

Ол су тасқыны қаупі бар барлық жерлер белгілі екенін атап өтті. Келесі жолы облыс әкімі қалада су тасқынына дайындық барысын тексереді.

Өзгелердің жаңалығы