"Болашақ" түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

9 Ақпан 2023, 21:18
1216
Бөлісу:
"Болашақ" түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
Фото: Bolashaq Presidential Scholarship

10 ақпанда Astana Hub көрме алаңында инженерлік-технологиялық мамандықтардың "Болашақ" бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс - шара Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Болашақ» стипендиясының әкімшісі - Халықаралық бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен өтеді.

Іс-шараға IT, телекоммуникация, аэроғарыш және электронды өнеркәсіп саласындағы 20-ға жуық компания қатысады. Олардың қатарында Қазақтелеком, QazInnovations, Қазпошта, Кселл, Tele2, Қазақстан ғарыш сапары, Astana Hub және т. б.

Іс-шара барысында ірі жұмыс беруші компаниялар «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін өздерінің бос жұмыс орындары мен мансаптық мүмкіндіктерін ұсынады. 

Үміткерлер мансаптық өсу, әлеуметтік кепілдіктер, ұсынылған бос жұмыс орындарының еңбек ақысы жайлы ақпарат алады.

Өзгелердің жаңалығы