Болашақ тергеушілер ІІМ-де болды

3 Қараша 2022, 15:26
1322
Бөлісу:
Болашақ тергеушілер ІІМ-де болды
PHOTO
Фото: Polisia.kz

 Тергеуші болып жұмыс істегісі келетін “Тұран-Астана” университетінің студенттері тәртіп сақшыларының қызметімен танысты. Іс-шара ІІМ Тергеу департаментінің шақыруымен дуалды оқыту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумды орындау мақсатында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

 Болашақ тергеушілер Жедел басқару орталығына (бұдан әрі – ЖБО), ІІМ мұражайына барып, тергеу-криминалистикалық полигонда тәжірибелік сабақ өтті. ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов студенттер алдында сөз сөйледі.

Болашақ тергеушілер ІІМ-де болды

 Ол тергеу бөлімшелері мен анықтау органдары жұмысының маңыздылығын атап өтіп, қылмыстарды тергеудегі жаңалықтар туралы баяндады. Кездесу барысында полиция қызметкерлері қылмыстарды тергеу және ашу тәжірибесімен бөлісті. 

Студенттер жалпы қылмыстық және өзекті құқық бұзушылық түрлерінің тактикасы мен әдістемесі туралы ақпарат алды. Бұл қаржылық пирамидалар, интернет-алаяқтық, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар және т.б. Сондай-ақ, жас заңгерлер сотқа дейінгі тергеу барысында оқиға орнын тексерудің рөлі туралы білді. Өйткені бұл – тергеу жүргізіліп жатқан кездегі қылмыс туралы ақпарат алудың маңызды құралдарының бірі. 

Болашақ тергеушілер ІІМ-де болды

 Тергеу департаменті бастығының ЖБО-да өткізілген дәріс бәріне қатты ұнады. Онда бізге цифрландыру аясында республикамыздың қол жеткізген жетістіктері туралы айтылды. Біз бейнебақылау камераларында тіркелген қылмыстық істердің қалай ашылатыны, сондай-ақ “102” нөмірі қоңырауды қалай қабылдайтыны туралы ақпарат алдық. Бұдан бөлек, жаңа енгізілген “102” қосымшасы туралы білдік, онда адамдар полицейлермен байланысқа шығып, оқиға орнын бағалай алады, – деп бөлісті 4-курс студенті Данияр Сүйімағанбетов.

Болашақ тергеушілер ІІМ-де болды

 Айта кетейік, ІІМ Тергеу департаменті дуалды білім беру жүйесі аясында ЖОО-мен ынтымақтастық білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру және оқу процесінің практикалық бағытын күшейту мақсатында жүргізіліп жатыр. 

Болашақ тергеушілер ІІМ-де болды

Бұл бағдарлама 2019 жылдың желтоқсанынан бері республиканың барлық облыстарында іске асырылады.

Өзгелердің жаңалығы