«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады

15 Шілде 2023, 07:30
1010
Бөлісу:
«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады
Фото: Артём Чурсинов

«Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың 4-легі 2023 жылғы 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн түрде қабылданады.

Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс.

Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтижелер бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:

  • квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.
  • Өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура) 9.0-ден кемінде 6.0.
  • тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.
  • Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.
Өзгелердің жаңалығы