«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

31 Тамыз 2023, 10:29
1039
Бөлісу:
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Фото: Арман Мухатов - архив

Республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады.

Толық тізімді мына сілтеме алқылы өтіп көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау төрт лекке бөлінген. Соңғы лекке 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін құжат қабылданады. Ал ғылыми тағылымдама бағдарламасына 13 қазанға дейін құжат тапсыруыңызға болады.

Өзгелердің жаңалығы