Жасанды интеллект заманауи бизнесті жоғары жылдамдықпен трансформациялап, түрлі салаға енуде және іс жүргізудің дәстүрлі тәсілдерін өзгертуде. Процестерді автоматтандырудан бастап клиенттік тәжірибені дербестендіруге дейінгі процесте ЖИ тиімділікті арттырып, компанияның бәсекеге қабілетін күшейтетін басты құралға айналып келеді. Бұл жайында Президент іс басқармасы Медициналық орталығының "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" АҚ бас инженері Альбина Жалғасова кеңінен түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ЖИ-дің бизнес-процестерге ықпалы
ЖИ күнделікті міндеттерді автоматтандыруға мүмкіндік беріп, операциялық шығындарды қысқартады және өнімділікті арттырады. Зерттеуге сәйкес, ЖИ енгізген компаниялардың 94 пайызы шығындардың қысқарғанын атаса, олардың 68%-ы EBITDA көрсеткішінің 5%-ға дейін өскенін көрсеткен. БҰЛ ЖИ технологияларын қолданудың айтарлықтай экономикалық әсері бар екенін дәлелдейді.
Дербестендіру клиенттік тәжірибені жақсарту
Клиенттердің әрекеті туралы мәліметтерді талдауда ЖИ қолдану дербес ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың қанағаттану және ынталылық деңгейін арттырады. Мысалы, ЖИ негізінде жасалған ұсыныс беру жүйелері клиенттің жеке қалауы бойынша тауарлар мен қызметтердің дәл таңдау есебінен компанияның кірісін арттыра алады.
Болжамдау және шешімдер қабылдау
ЖИ мәліметтердің үлкен көлемін талдап, жасырын заңдылықтар мен тенденцияларды ашып көрсету арқылы нарықтағы өзгерістерді нақтырақ болжауға мүмкіндік береді. Бұл компанияларға өз стратегияларын бейімдеп, сұраныстың өзгеруіне қарай жедел әрекет етуіне жол ашады. Сәйкесінше, компанияның бәсекелестік басымдығы артады.
ЖИ енгізудің сәтті мысалдары
• Медицина саласы: Медицина қызметін жеткізушілердің 38%-ы науқастарға диагностика қою үшін ЖИ қолданады, бұл диагноз қоюдың нақтылығы мен жылдамдығын арттырады.
• Тау-кен өнеркәсібі: ЖИ ендіру мәліметтерді өңдеу процесін 18 есе жылдам етіп, жақсартты. Бұл өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырды.
• Банк секторы: Алаяқтарды анықтау және клиенттерге дербес қызметтер көрсету үшін ЖИ қолдану қауіпсіздікті арттырады және клиенттік тәжірибені жақсартады.
Жаһандық экономикалық ықпал
Болжамға сәйкес, 2030 жылға қарай ЖИ әлем экономикасына 20 трлн еуро көлемінде үлесін қосады, бұл түрлі елдердегі ЖІӨ-нің 2-3 пайыз өсімін қамтамасыз етеді. Бұл ЖИ-дің экономикалық өсім мен инновациялардың драйвері ретіндегі рөлін күшейтеді.
Жасанды интеллект қазірдің өзінде бизнестің ойын ережелерін өзгертіп, компанияларға тиімділікті арттыратын, клиенттік сервисті жақсартатын және бәсекелестік позициясын күшейтетін құралдар ұсынуда. ЖИ-ге инвестиция салу цифрлық әлемде жетістікке жетуді көздейтін заманауи компаниялардың стратегиясының маңызды бөлігіне айналып отыр.