«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Республика күніне орай челлендж бастады

22 Қазан 2022, 18:30
2680
Бөлісу:
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Республика күніне орай челлендж бастады
PHOTO

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері Нұргүл Маханбаева Республика күніне орай челлендж бастады, болашақтықтар оны әлеуметтік желілерде қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акцияның мақсаты – әлеуметтік желілерде #Bolashaq_Republic_Day #bolashaqkz #МеніңТуым #МеніңБолашағым деген хэштегтерді белгілей отырып, мемлекеттік тумен түскен суреттерін жариялау.

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Республика күніне орай челлендж бастады

Мен АҚШ-та Калифорния университетінде білім алып жатырмын. Шетелде болған уақытта патриоттық сезіміміз ерекше артып, ұғынамыз. Республика күні қарсаңында болашақшылар арасында челлендж бастадым. Өйткені біздің аспан түстес көгілдір жалауымыз – біздің мақтанышымыз, бұл туралы отандастарымыз ғана емес, шетелдіктер де айтады әрі біз оны мақтан тұтамыз. Біз өзімізге берілген әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктерін жоғары бағалаймыз, - деді Нұргүл.

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Республика күніне орай челлендж бастады
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Республика күніне орай челлендж бастады

Бұған қоса, шетелде оқитын «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Қазақстан Республикасының әнұранын орындап, бейнеролик түсірді.

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Республика күніне орай челлендж бастады
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Республика күніне орай челлендж бастады

Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелде шамамен 1200 қазақстандық әлемнің жетекші шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдарында білім алып, тағылымдамадан өтіп жатыр.

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Республика күніне орай челлендж бастады
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Республика күніне орай челлендж бастады
Өзгелердің жаңалығы