«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдаудың аяқталуына 1 күн қалды

14 Қыркүйек 2023, 18:21
631
Бөлісу:
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдаудың аяқталуына 1 күн қалды
Фото: Арман Мухатов - Архив

Биыл «Болашақ» бағдарламасына қатысуға құжат қабылдаудың төртінші легі 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл сайын «Болашаққа» тапсыратын үміткерлердің саны артып келеді. Мұны біз байланыс орталығына хабарласқандардың көптігінен және өтінімдердің азаймай келе жатқанынан білеміз. Күн сайын байланыс орталығымызға 80-нен аса адам қоңырау шалып, кеңес сұрайды. Ал, құжат қабылдаудың алғашқы үш легіне 2 374 азамат қатысты. Ертең, яғни 15 қыркүйекте төртінші лекке құжат қабылдау аяқталады. Биыл стипендиат атанбаған азаматтар келесі жылы қатыса алады. Грант иегерлері еліміздің келешегі үшін таптырмас мамандар болады деген сенімдеміз. Себебі бәріміздің мақсатымыз бір – еліміздің болашағын жарқын ету үшін еңбек ету, – деді «Болашақ» ХБО басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Стипендия аясында магистратура, докторантура, резидентура бағдарламалары бойынша оқуға түсуге немесе тағылымдамадан өтуге болады.

Өзгелердің жаңалығы