«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау жалғасып жатыр

28 Қыркүйек 2021, 11:25
1041
Бөлісу:
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау жалғасып жатыр

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 30 күннен соң аяқталады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» хабарлады.

Құжаттарды қабылдау 4 мамырдан 28 қазанға дейін еGov электрондық үкімет порталы арқылы жүргізіледі.

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 445 стипендия магистратура, резидентура және докторантура бағдарламалары бойынша бөлінген. 110 грант денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласының қызметкерлері, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер, инженер-техниктерге 5 санат бойынша тағылымдамадан өтуге берілген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ғалымдар» тағылымдамасы санаты бойынша Қазақстан ғалымдарының әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету мақсатындағы тапсырмасына сәйкес 500 стипендия беріліп отыр.

Осы жылға арналған «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізбесінде академиялық оқуға арналған 80 және тағылымдамадан өтуге арналған 137 мамандық бар. Тізімге «Инклюзивті білім беру», «Вирусология», «Урбанистика»», «Жаңа материалдар технологиясы»» сияқты өзекті мамандықтар енді, – деп атап өтті» «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті Айнұр Кәрібозова. 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға болатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне 27 елдің 207 университеті кірген. Олар халықаралық академиялық рейтингтердің (QS, Times Higher Education (THE), Academic rankings of World Universities (ARWU) алғашқы 250 позициясында тұр.

Өзгелердің жаңалығы