Болашақ студенттерге 800 ноутбук сыйлайды

1 Шілде 2020, 11:29
2402
Бөлісу:
Болашақ студенттерге 800 ноутбук сыйлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы энергетика және байланыс университеті өзінің 45 жылдығына орай өзінің болашақ студенттеріне 800 ноутбук сыйлайды.

Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады. Алматы энергетика және байланыс университеті өзінің 45 жылдығына орай бұрын-соңды болмаған акция жариялайды және Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл жинаған талапкерлерге 800 Lenovo ноутбуктерін сыйлайды.

Бұл - біздің болашақ студенттерімізге арналған сыйлық. Біз университетте оқу сапасы үнемі артып, студенттеріміздің кез келген сын-қатерлерге төтеп беруі үшін бәрін жасаймыз. Осы жылы университетіміз 45 жылдық мерейтойын атап өтуде және біз осындай акциямен университеттің әлеуметтік миссиясына назар аударғымыз келді. Бұл ноутбуктер біздің үздік студенттерімізге оқуда сенімді көмекші болсын, - деді университет ректоры Сәуле Сағынтаева.

Болашақ студенттер Қазақстанның жетекші техникалық университеттерінің бірі болып табылатын Алматы энергетика және байланыс университетіне түсу арқылы, жаңа жоғары өнімді оқыту құралы - ноутбукты сыйлыққа алып, таңдаған мамандығын оңай және қолжетімді меңгере алады.

Еліміз және бүкіл әлем үшін осындай қиын уақытта Алматы энергетика және байланыс университеті студенттердің сапалы жоғары білімге қол жеткізуін қамтамасыз етуді және оларға қолдау көрсетуді өз миссияларының бірі ретінде көреді.
Өзгелердің жаңалығы