«Болашаққа бағдар» көшпелі кеңесі өтті

22 Маусым 2019, 16:57
912
Бөлісу:
«Болашаққа бағдар» көшпелі кеңесі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Жуалы ауданында тұрғандармен түрлі сала аясындағы мəселелер бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облысы əкімдігінің жастар саясаты мəселелері басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, облыстық "Болашаққа бағдар" атты көшпелі кеңес беру алаңы жұмысы аясында Жуалы ауданында барлық санаттағы жастар мен пробация есебінде тұрғандармен түрлі сала аясындағы мəселелер бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Автокеруен аясында, мемлекеттік қолдау тетіктері, құқықтық мəдениетті арттыру, жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, білім, жұмысқа орналасу, дін, этносаралық келісім, кəсіпкерлік бастамаларды қолдау, ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау тетіктері, мемлекеттік қызметке орналасу тəртібі бойынша қабылдаулар өткізілді.

Сонымен қатар, іс шараның аясында қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандарға Жуалы аудандық пробация қызметкерлерімен қайта қылмыс жасамау туралы, құқық бұзушылық жасамау туралы əңгіме сұхбат жүргізіліп, жоғарыдағы іс шара қорытындыланып Жуалы аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың əл ауқатын жақсарту бойынша жұмыспен қамту орталығының қызметкері Н.Тлесбаев өз тарапынан жасы 29 толмаған азаматтарға қайтарымсыз қаржы, яғни 505 000 мың теңге кішігірім бизнеске берілетіні бойынша айтты.

Өзгелердің жаңалығы