Бокстан ӘЧ: 5 боксшымыз жартылай финалға шықты

11 Мамыр 2023, 13:00
776
Бөлісу:
Бокстан ӘЧ: 5 боксшымыз жартылай финалға  шықты
Фото: inform.kz

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем біріншілігінің жартылай финалына 5 боксшымыз шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Санжар Ташкенбай, Махмұт Сабырхан, Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай ертең ақтық сын жолдамасына таласады.

Ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен 57 келідегі Серік Теміржановтың жолы болмады. Құраманың тағы 6 өкілі елге жүлдесіз оралады. Десе де бес боксшымен де әлем біріншілігін сәтті аяқтауға болады.

Бапкерлер кемінде 2 алтын аламыз деп бекініп отыр. Бұл жаһан біріншілігінде жарыс қожайындары жүлде жеңіп алу жөнінен рекорд орнатуы мүмкін.

Жергілікті 9 бірдей былғары қолғап шебері жартылай финалға шықты. Куба мен Ресейдің бұл сында 6 өкілі қолғап түйістіреді.

Естеріңізде болса, әлем біріншілігіне 107 мемлекеттен 600-дей спортшы қатысып жатыр. Бірінші орынға 200 мың, екіншіге 100, ал үшінші орын иеленген спортшыға 50 мың АҚШ доллары беріледі.

Ойдағыдай жеңіске жеттік. Қарсыласпен екінші рет шығып тұрмын. Қолдауларыңызға рақмет. Сезініп жатырмын. Федерацияға рақмет. Тоқтамаймыз. Бірінші орын алу келу керек,- бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Санжар Ташкенбай.

Өзгелердің жаңалығы