Боксшымыз төреші қателігінің құрбаны болды ма?

7 Наурыз 2024, 23:12
534
Бөлісу:
Боксшымыз төреші қателігінің құрбаны болды ма?
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Римма Волосенконың ширек финалдық кездесуінен кейін жекпе-жек қорытындысына байланысты қазақстандық бокссүйер қауым арасында орынды нала қынжылыстардың тууына байланысты Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Олимпиада ойындарына лицензиялық бәсекелер Халықаралық Олимпиада комитетінің аясында өтеді. Өкінішке қарай, ХОК ережесіне сәйкес, Ұлттық федерациялар жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешіміне шағым бере алмайды. Тек төрешілердің жұмысына баға беретін бақылаушы мен бағалаушы болады. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан осы жекпе-жекке байланысты турнир ұйымдастырушыларына наразылығымызды жеткіздік. Олар кездесуге қазылық еткен төрешілердің жұмысын қарастырып, кінәрат болған жағдайда алдағы жекпе-жектерден шеттететіндіктерін айтты. Бірақ жекпе-жектің қорытынды есебі өзгертілмейді,- деді Азиз Қожамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, 60 келі салмақ дәрежесінде өткен Римма Волосенко жарыс жолынан шығып қалған болатын. Отандық спортшымыз бен словакиялық Мирослава Жединакова арасындағы ширек финалдық жекпе-жек 2:3 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.

Өзгелердің жаңалығы