Боччадан Қазақстан чемпионатының қорытындысы шықты

3 Маусым 2023, 14:25
471
Бөлісу:
Боччадан Қазақстан чемпионатының қорытындысы шықты
Фото: Қазақстан Бочча федерациясы

Бүгін Боччадан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Чемпионатта ВС1, ВС2, ВС3, ВС4 санаттарында 12 облыстан келген 47 спортшы арасында 4 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысты.

Боччадан Қазақстан чемпионатының қорытындысы шықты

Мүгедектігі бар азаматтарн арасындағы бәсеке ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Туризм және спорт саласын қолдау қоры және «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен ұйымдастырылды.
Әйелдер арасында ВС1 санатында бірінші орынды алматылық Алина Карамышева, екінші орынды Жаңаөзен қаласынан келген Айдана Амангелді, үшінші орынды Қарағанды қаласының тұрғыны Анастасия Кутурман жеңіп алды.

Боччадан Қазақстан чемпионатының қорытындысы шықты

Осы санатта ерлер арасында бірінші орынды астаналық Мейірбек Оразбекке бұйырса, екінші орынды павлодарлық Виктор Кожевников, үшінші орынды Жамбыл облысынан келген Андрей Тошнади иеленді.

Әйелдер арасында ВС2 санатында бірінші орынды астаналық Итиана Шыңғысханова еншілесе, екінші орынды ақтөбелік Альмира Асанғали, үшінші орынды павлодарлық Даяна Нұрғазина жеңіп алды.

Боччадан Қазақстан чемпионатының қорытындысы шықты

Осы санатта ерлер арасында бірінші орынды Талдықорған қаласының спортшысы Қуаныш Асқарбеков, екінші орынды Павлодар қаласынан Александр Құрмантаев, үшінші орынды павлодарлық Андрей Готфрид иеленді.

Әйелдер арасында ВС3 санатында бірінші орынды Қарағанды қаласынан келген Аружан Жеңіс иеленсе, екінші орынды Атырау қаласынан Жанерке Кенжебек жеңіп алды.

Боччадан Қазақстан чемпионатының қорытындысы шықты

Осы санатта ерлер арасында бірінші орын астаналық Темірлан Алтынсарыға бұйырды, екінші орынды да Астана қаласының тұрғыны Нұралы Шманов иеленді, үшінші орынды шымкенттік Ильяс Бармешов місе тұтты.

Боччадан Қазақстан чемпионатының қорытындысы шықты

Әйелдер арасында ВС4 санатында бірінші орынды белгілі параспортшы Зульфия Габидуллина жеңіп алды.

Боччадан Қазақстан чемпионатының қорытындысы шықты

Осы санатта ерлер арасында бірінші орынды Ақсу қаласынан Асыл Амиров, екінші орынды Алматы қаласынан Азамат Аязбаев, үшінші орынды Семей қаласынан келген Кенжекан Баймұратов иеленді.
Боччадан Қазақстан Республикасы чемпионатының қорытындысы бойынша үздік спортшылар Қазақстанның ұлттық құрамасына алынады.

Өзгелердің жаңалығы