Блогерлердің пікірін қабылдауда сыни ойлау басым болуы керек – Зарубина

17 Ақпан 2022, 14:58
1185
Бөлісу:
Блогерлердің пікірін қабылдауда сыни ойлау басым болуы керек – Зарубина

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы АҚШ-тағы ресей отандастары кеңесінің мүшесі Номма Зарубина "Блогерлік-қоғамдық пікірді қалыптастыру құралы" дөңгелек үстелі барысында айтты.

Блогерлік қоғамдағы жаңа кезең болғандықтан адамдарға қызықты болып отыр. Халық осыған дейін теледидар көрген болса, қазір ақпарат алудың басқа көздеріне көшті. Блогерлік- жаңа, қызықты әдіс-деді ол.

Зарубина атап өткендей, қызығушылық ақпарат таратудың жаңашылдығымен байналысты болып отыр.

Бірақ блогелердің айтқанын ақиқатқа қабылдаудың қажеті жоқ. Себебі ол тек пікір. Сондықтан бұл жерде сыни ойлау басым болуы керек,-деді ол.

Зарубина Қазақстанға жұмыс сапарымен алғаш рет келіп отырғанын айтты.

Қазақстан мен үшін бірегей орын. Ол туралы достық түсінік қалыптасқан. ҚХА ұйымын БҰҰ-ға ұқсата  аламын. Мен де бұл ұйымда шағын бағытты жүзеге асырып отырмын,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы