Блогер YouTube-та қаралым жинаудың оңай жолдарын айтып берді

11 Қазан 2021, 12:30
1827
Бөлісу:
Блогер YouTube-та қаралым жинаудың оңай жолдарын айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Не әңгіме» подкастының кезекті қонағы – YouTube каналы арқылы ай сайын 2-3 миллион теңге аралығында табыс табатын блогер Асланбек Жұмағали.

Асланбектің айтуынша, егер әрбір адам жақсы көретін ісін тауып, әлеуметтік желіні тұрақты жүргізетін болса, ертелі-кеш мақсатына жетеді. 

Ол өз әңгімесінде YouTube платформасының қыр-сырларымен бөлісті. 

Алгоритм – бұл күрделі жүйе. Блогер ретінде видео жасап, көп қаралым жинағыңыз келсе, мына нәрсені білгеніңіз дұрыс. Сіз видео жүктеген кезде YouTube алгоритмдері минут сайын жаңадан жүктелген мыңдаған бейнероликтерді өңдейді. Олар видеоның өзіне назар аударып тексермейді. Басымдылық көрерменнің реакциясына негізделген, - деді блогер. 

Сондай-ақ әңгіме барысында Асланбек YouTube-та қаралым көп жинаудың бірнеше құпияларын айтты.

ПОДКАСТТЫ ТЫҢДАУ
 

 

 

Өзгелердің жаңалығы