БҚО тұрғыны 30 жастағы әйелді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

6 Желтоқсан 2021, 11:44
1548
Бөлісу:
БҚО тұрғыны 30 жастағы әйелді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

Биылғы 22 қарашадан 1 желтоқсанға дейін кезекті республикалық «STOP қозғалыс» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Шара кезінде полицейлер адам саудасымен байланысты 68 қылмысты анықтады. Оның ішінде 3 факті – еңбек қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру, 2 – адам саудасы, 2 – кәмелетке толмағандарды сату, 8 – жезөкшелікпен айналысуға тарту, оның ішінде кәмелетке толмағандарды – 1 факті. Жезөкшелікпен айналысуға арналған орындарды ұйымдастыру немесе ұстау және сатып алу бойынша 53 факті анықталды, – деді Нұрмағамбетов.

Ол атағандай, қасақана жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай беру бойынша 21 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, қоғамдық орындарда жәбірлеу үшін 600-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысында жезөкшелікпен айналысу фактісінің жолы кесілді. 58 жастағы ер адам алдау арқылы Орал қаласының тұрғыны 30 жастағы әйелді жұмысқа орналастырып, жезөкшелікке мәжбүрлегені анықталды. Күдікті бопсалау және күш қолданамын деп қорқыту арқылы жәбірленушіні қалалық сауналардың бірінде оны клиенттермен бірге жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 308-бабының 1-бөлігімен (жезөкшелікпен айналысуға тарту) қылмыстық іс қозғалды, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы