БҚО-дағы Open Space-те орман питомниктері саласындағы проблемалар талқыланды

2 Ақпан 2021, 23:04
1859
Бөлісу:
БҚО-дағы Open Space-те орман питомниктері саласындағы проблемалар талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 28 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы Департамент мемлекеттік органдардың, Орал қаласы бойынша орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ, "Уланов П.С." ШҚ өкілдерімен бірлесіп "Open Space" форматында орман питомниктерін көгалдандыру және дамыту саласындағы өзекті мәселелерді қарады.

Қатысушылар жеке питомниктердің мемлекеттік орман шаруашылықтарымен бәсекелестігін шектеу мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, "Уланов П.С." ШҚ директоры орман дақылдарының көшеттерін өсіру үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануды шектеу мәселесін атап өтті: субсидиялар алу үшін, яғни жеке орман питомниктерін құру және жеке орман өсіру шығындарын өтеу үшін ережелерде жер орман қорына қатысты болуы тиіс деген шарт бар.

 

Өткір мәселелерді қарау қорытындылары бойынша Департамент Орман кодексіне ұсынылатын түзетулерді және тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау саласында бәсекелестікті шектеуге жол бермеу мақсатында жеке орман питомниктерін құру мен дамытуға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын жасауда.

Өзгелердің жаңалығы