БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, Батыс Қазақстан және көршілес Атырау облысы аудандарында мал ұрлығымен айналысқан топ ұзақ уақыт бойы жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында қолға түскен. 

 18 Наурыз 2021, 06:28
18 Наурыз 2021, 06:28
2519

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, Батыс Қазақстан және көршілес Атырау облысы аудандарында мал ұрлығымен айналысқан топ ұзақ уақыт бойы жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында қолға түскен. 

БҚО-ның үш тұрғыны қамауға алынып, басқа да ашылмаған мал ұрлығына қатыстылығы тексерілуде.

Қылмыстық топ малдың етін ғана алып, басы мен ішек-қарнын оқиға орнында қалдырып кетіп отырған. Тайпақ полиция бөлімінің қызметкерлері малдың терісі, басы мен ішек-қарнын тапқан. Екі облыс тұрғындарынан түскен арыз нәтижесінде мал иелері табылды. Олар Атырау облысы Индер ауданының тұрғындары болып шықты.


Наверх