БҚО-да 6-сынып оқушысы абайсызда өз-өзін атып өлтірді

21 Шілде 2021, 21:16
2885
Бөлісу:
БҚО-да 6-сынып оқушысы абайсызда өз-өзін атып өлтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО-да 11 жастағы оқушы өз-өзіне оқ атып алды. 

Бұл туралы Мой город хабарлады.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға Бөкей орда ауданы Бисен ауылында 16 шілдеде болған.

Отбасының жағдайы жақсы болатын. Отағасы шаруашылықпен айналысады. Төрт бала тәрбиелеп отырған отбасы. Қайғылы оқиғаның қалай болғанын айта алмаймыз, - деді әкімдік өкілі.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқ баланың мойын тұсына тиген. Оқыс оқиға кезінде үйде оның ата-анасы болмаған. 

Жедел жәрдем қызметі станциясына шұғыл хабарлама 12.30-да келіп түсті. Өкінішке қарай, бала жедел жәрдем қызметі келіп жеткенше, жан тапсырған, - деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, оқушы биыл алтыншы сыныпты аяқтаған екен.
Өзгелердің жаңалығы