Бизнестегі әйелдердің үлесі 50 пайызға жетті – министрлік

12 Маусым 2024, 17:28
296
Бөлісу:
Бизнестегі әйелдердің үлесі 50 пайызға жетті – министрлік
Фото: pixabay.com

Бұл туралы «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау арқылы ауылдың тұрақты дамуы» республикалық конференциясында Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры Нұрбол Жаңабеков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ел экономикасын арттыру ісінде кәсіпкерлікті белсенді түрде дамытудың орны ерекше. Бұл – елімізде сапалы жұмыс орындарын құру және халықтың табысын арттырудағы негізгі фактор. Бүгінде шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 36,5 пайызды құрайды, - деді ол.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау арқылы ауылдың тұрақты дамуы» республикалық конференциясында Үкімет тарапынан бизнесті, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың 100-ден астам қолдау түрі барын да жеткізді.

Егер шағын және орта бизнес 4,4 миллион адамды жұмыспен қамтыса, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігінде 1,5 миллионға жуық адам жұмыспен қамтылған. 2011 жылы шағын және орта бизнестегі әйелдердің үлесі 38 пайызды құраса, 2024 жылы 50 пайызға жетті. Бұл өсім еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігін одан ары дамытудың әлеуетін көрсетеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы