«Бизнеске жол» жобасы аясында 47 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

4 Сәуір 2023, 12:39
945
Бөлісу:
«Бизнеске жол» жобасы аясында  47 лауазымды тұлға жауапқа тартылды
Фото: скрин сурет

Бұл туралы «Бизнеске жол» жобасын іске асыру туралы өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Бизнеске жол» жобасы аясында 7200 кәсіпкермен кездесулер ұйымдастырған. Жоба аясында Антикорға 500 өтініш келіп түскен.

«Бизнеске жол» жобасы кәсіпкерлердің нақты мәселелерін шешуге бағытталған. Жоба «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асырылады. Бизнеске жол» жобасы аясында Антикорға 500 өтініш келіп түсті, оның 242 қанағаттандырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы уақытқа дейін 6 мың кәсіпкердің құқығын қорғады»,- дейді спикер.

Өзгелердің жаңалығы