Бизнес-серіктестің сенімділігін қалай тексеруге болады?

12 Маусым 2023, 13:19
778
Бөлісу:
Бизнес-серіктестің сенімділігін қалай тексеруге болады?
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Қазіргі уақытта көптеген салық төлеушілер үшін өзекті мәселе салық төлеуші ынтымақтасатын компаниялардың сенімділігін тексеру болып табылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік кірістер органдарына белгілі бір контрагенттің сенімділігі немесе сенімсіздігі туралы мәлімет беру жөнінде көптеген өтініштер келіп түседі.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық міндеттемесін орындауды салық төлеуші дербес жүзеге асыратынын ескере отырып, мұны дербес қалай жасауға болады деген сұрақ туындайды.

Салық төлеушілерге көмек көрсету мақсатында Комитет ресми интернет-ресурста (www.kgd.gov.kz) контрагенттерді таңдау кезінде пайдалануға болатын келесі тізімдер мен сервистерді орналастырады:

Бұдан басқа, сайтта электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеу қолданылған салық төлеушілердің тізімдері жарияланады, негізінен мұндай шектеу тауарларды өткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша нақты айналым жасауды белгілеу мақсатында электрондық нысанда шот-фактураларды жазып бергеннен кейін жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша орын алады (https://kgd.gov.kz/ru/content/pilotnyy-proekt-po-ogranicheniyu-vypiski-esf-1).

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік субъектілеріне және өзге де тұлғаларға бизнес-әріптестердің сенімділігі мен адалдығы туралы ақпарат беру үшін бизнес-әріптестертізілімін құрады және жүргізеді, ол жұмыста пайдалану және қолдану үшін де қолжетімді.

Бұл сервистерді пайдалану адал салық төлеушілерге контрагенттерді таңдау кезінде тиісті тексеруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, салық заңнамасын сақтау мақсатында негізделген мәмілелер жасау кезінде жоғарыда аталған сервистер мен тізімдерді пайдалану, сондай-ақ олардың нақты орындалғанын растайтын құжаттардың болуы қажет.

Өзгелердің жаңалығы