Бизнес иелері өндірістік ғимараттарды жеңілдікпен жалға алады

18 Тамыз 2020, 14:03
2244
Бөлісу:
Бизнес иелері өндірістік ғимараттарды жеңілдікпен жалға алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл соңына дейін Алматының индустриалдық аймағында 4 шағын өндірістік парк ашылады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында "Индустриалды аймақ - Алматы" ЖШС директоры Берікбол Мәндібаев мәлім етті.

Шағын және орта бизнес өкілдеріне өндірістік ғимараттар жеңілдетілген шарттармен беріледі. 
Өндірістік ғимараттардың жалпы аумағы 30 мың шаршы метрге жуық. Мұнда құрылыс, жиһаз және тамақ өндірісімен айналысатын 70-ке жуық кәсіпорын жайғасатын болады. Парк жұмысын бастағанда мұнда 1100 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, - дейді Берікбол Мәндібаев. 
Сондай-ақ, ол шағын және орта бизнес өкілдері үшін өндірістік ғимараттарды жалға алу құны девальвацияға қарамастан өзгермейтінін атап өтті.
Өндірістік ғимараттар 5-7 жылға дейін жеңілдетілген тұрақты сома бойынша беріледі. 1 шаршы метр аумақтың құны 1000-1200 теңге көлемінде болады. Лизинг пен айналымдағы қаржыны толтыруға арналған 2 пайыздық мөлшерлемемен 7 жылға дейін заем берілетін болады, - деп атап өтті ол.
Берікбол Мәндібаевтың айтуынша, өндірістік ғимаратты сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған. Оның екі жолы бар. Біріншісі – өз қаражатына немесе "Almaty Finance" ЖШС-нен 6 пайыздық несие алу арқылы. Екінші жолы – 2 жылға дейін бөліп төлеу арқылы. Ғимарат аумағының бір шаршы метрінің құны 145 мың теңге. 
Мұның барлығы шағын және орта бизнеске қолайлы өндірістік орта қалыптастыру бағытында жасалып жатыр. Оның үстіне қаладағы көп ғимараттарды мақсатты пайдалану үшін де қажет, - дейді Мәндібаев.



Өзгелердің жаңалығы