Біздің энергожүйеге "сұр майнерлер" зардабы тиюде – Мусин

3 Ақпан 2022, 22:15
1496
Бөлісу:
Біздің энергожүйеге "сұр майнерлер" зардабы тиюде – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте майнинг мәселесі жиі талқыланып жатыр. Біздің энергожүйеге "сұр майнерлер" зардабы тиюде, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Қазір заңсыз майнингтің энергошығыны 1 гигаваттан (ГВт) асады екен. Бұл орайда қалыптасқан "сұр" нарықтың энергожүйеге түсіріп жатқан ауыртпалығы мен зиянын дәл бағамдау оңай емес.

Бастысы, бұл кәсіпке де салық салынуы тиіс. "Сұр майнинг" - бұл экономикалық қылмыс, салық төлеуден жалтару! Ал қылмыс жасағандар жауапқа тартылуы тиіс. Егер сіздерде "сұр майнерлердің" локациясы туралы ақпарат болса, мына электрондық мекенжайларға хабарлама жіберулеріңізді (жасырын түрде хабарлауға болады) сұраймыз: b.galimzhan@mdai.gov.kz, e.smailov@mdai.gov.kz, a.ibraev@mdai.gov.kz

Көрсетілген локациялар бойынша тексерулер жүргізіліп, тиісті шешімдер қабылданады. Сондай-ақ көлеңкелі тұстан шығып, заңды майнерге айналуды қалаған кісілерге әріптестерім кәсіби кеңес бере алады.

Энергожүйеге зиян келтіріп, заң бұзып жатқандармен бірге күресейік!, -  деп жазды Бағдат Мусин.

 

Өзгелердің жаңалығы