Біздің елдеріміз тағдыр жазуымен бірге – Тоқаев

14 Қазан 2022, 16:28
1256
Бөлісу:
Біздің елдеріміз тағдыр жазуымен бірге – Тоқаев

Астанада 6 елдің президенті Орталық Азия-Ресей саммитіне қатысып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлем тарихындағы осынау қиын кезеңінде біз үшін болашақтың айқын әрі  оң бейнесінің болуы бұрынғыдан да маңызды. Мен келесідей, негізгі бағыттар контекстінде біздің одан әрі ынтымақтастығымыз туралы өз көзқарасымды ұсынғым келеді, – сөз басында Қазақстан Президенті.

Президенттің ұсынған бірінші бағыты ол –қауіпсіздік.

Біздің елдеріміз тағдырдың жазуымен бірге.  Біз ортақ тарихымызды қорғап, халықтарымыздың игілігі үшін ортақ болашақ құруымыз керек.  Біздің әрбір мемлекетіміздегі тұрақтылық пен қауіпсіздік аймақтың дамуына тікелей әсер етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ТМД-няң қауіпсіздік мәселелерін қалай алдын алып отырғанын атап өтті.

Мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың түбегейлі мүдделеріне сүйене отырып, жаңа қауіптердің алдын алу және оларға дер кезінде ден қоюдың тиімді құралдарын әзірлеу қажеттілігіне назарларыңызды аударғым келеді.  Бүгінде біз екіжақты форматта да, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК және ТМД шеңберінде де қауіпсіздік мәселелерін алдын алып отырмыз, -деді мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы