Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан қастерлі ұғым жоқ – Мәулен Әшімбаев

10 Желтоқсан 2021, 12:20
905
Бөлісу:
Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан қастерлі ұғым жоқ – Мәулен Әшімбаев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Алматы – Тәуелсіздіктің Алтын бесігі!» атты мерекелік іс-шарада айтты.

Алматыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекеліс іс-шара өтіп жатыр. Оған арнайы келген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев алматылықтарды ел Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, Алматы қаласының Тәуелсіздікке қол жеткізудегі маңыздылығын атап өтті.

Алматы қаласы ғасырлардың және ұлт тарихындағы ұлы оқиғалардың куәсі. Бұл шаһар еліміздің бас қалаларының бірі. Егемендігімізді осы жерде жер жаһанға жария еткеніміз белгілі. Астана Арқа төсіне көшті, дегенмен Алматы өзінің асқақ қалпын сатап қалды. Өйткені Алматы әлі күнге дейін үлкен әрі әсем шаһар, мәдени, ғылыми, қаржы, сауда және туристік орталығымыз. Сондықтан қай кезде де еліміз үшін Алматының жөні бөлек, орыны ерекеше болып қала береді, – деді Сенат төрағасы.

Сонымен қатар ол ел тарихының маңызды межесінде президентіміздің тапсырмасымен оңтүстік астанамызға арнайы келіп отырғанын жеткізді.

Осы ретте баршаңызды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан қастерлі ұғым, егемендіктен артық байлық жоқ. Тәуелсіздік біздің ең басты құндылығымыз. Бұл бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған асыл арманның ақиқатқа айналған күні. Еңселі егемендік ұлтымызды ұйыстырды, жұртымызды жұмылдырды, абыройымызды асқақтатты.30 жылдың ішінде еліміз ғасырларға жүк болар жетістіктерге қол жеткізді, – деді Мәулен Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы