"Біз үнсіз қала алмаймыз": Рим Папасының жанайқайы

Рим Папасы зорлық-зомбылықты тоқтатуға және бейбіт жолдарды іздеуге шақырды.

 әлеуметтік желі / X/@samuelffisher Бүгiн 2026, 01:15
Бүгiн 2026, 01:15
136
Фото: әлеуметтік желі / X/@samuelffisher

Рим Папасы XIV Лео жұртшылыққа үндеу жасап, Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

OSV News порталының жазуынша, понтифик сондай-ақ соғыс пен зорлық-зомбылық жайлаған әлемнің өзге өңірлеріне де алаңдаулы екенін жеткізді.

Біз осындай қақтығыстардың құрбаны болған қаншама қорғансыз жандардың қайғысына бейжай қарай алмаймыз. Олардың тартқан азабы – бүкіл адамзаттың жарасы. Бұл соғыстардан туындаған өлім мен қасірет – адамзат үшін үлкен ұят әрі Құдайға бағытталған жанайқай. Мен тағы да соғыс қимылдарын тоқтату үшін дұғаны үзбеуге шақырамын, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Папа Римский Ирандағы  зорлық-зомбылықты тоқтатуға да шақырған. 

Наверх