Біз төлеген ақша неге басқа жаққа кетіп жатыр? – 2022 жылдан бастап КСК болмайды

28 Қаңтар 2020, 13:39
2214
Бөлісу:
Біз төлеген ақша неге басқа жаққа кетіп жатыр? – 2022 жылдан бастап КСК болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. КСК, яғни пәтер иелері кооперативіне үй тұрғындары шағымданған даулы сұрақтар жиі кездеседі. 

"Неге біздің үйдің жаны жиналмай жатыр, неге подъезд (кіреберіс – ред.) жөнделмей жатыр?" деген сұрақтармен жүгінген кезде, олар "Сіздердің ақшаларыңыз көрші үйге, көрші подъездге кетіп жатыр. Көрші үйдің маңайын тазалап жатырмыз" деп жауап қайырады. Осы орайда халықтың КСК жұмысына көңілі толмай келді. Енді, ПИК 2022 жылдың 1 шілдесінде жұмысын тоқтатады.

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

КСК жалғыз үй емес, 15-20 шақты үйлерді игере бастады. Сондықтан сол үйдің тұрғындары "неге біздің үйдің жаны жиналмай жатыр, неге подъезд (кіреберіс – ред.) жөнделмейжатыр?" деген сұрақтармен шығымданған кезде, олар айтады "сіздердің ақшаларыңыз көрші үйге, көрші подъездге кетіп жатыр. Көрші үйдің маңайын тазалап жатырмыз" деп айтады. Бұл орайда әр адамның ойында сұрақ туындайды, "біз төлеген ақша, неге басқа жаққа кетіп жатыр" дейді, - деп түсіндірді  Қайырбек Өскенбаев.
Бұрын бүкіл жиналатын ақша бір шотқа жиналушы еді. Қазір осы шоттың ашықтығын және қайда жұмсалып жатқанын әр тұрғын бақылап, көре алады.
Былтыр желтоқсан айында "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бүгінде жүзеге асыру үшін тиісті құжаттарды дайындап жатырмыз. КСК дейміз ғой, пәтер меншік иелерінің жұмысына қатысты өте көп сұрақтар туындап жатыр. Бұл заңды қабылдамас бұрын, 2 жылдай барлық өңірлерде талқыладық, пысықтадық. Мәжіліс және Сенат депутаттарына алғыс айтамыз. Бүкіл аймақтарға бізбен бірге барып, заң жобасын халық арасында талқылауға атсалысқаны үшін, - дейді Қайырбек Өскенбаев.
Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, ПИК-тер, яғни пәтер иелері кооперативі 2022 жылдың 1 шілдесінде жұмысын тоқтатады.
Пәтер меншік иелері, яғни пәтер иелері кооперативі 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жұмысын атқарады. Содан кейін, олардың қызметі тоқтатылады. Ал, енді, қазіргі ауысып жатқан жаңа жүйеге сәйкес "бір үй – бір МMИБ – бір шот" принципі бойынша жұмыс істейтін болады. Екі форма ретінде жұмыс істеуі мүмкін. Біріншіден, олар заңдық тұлға ретінде. Екіншісі – жәй серіктестік ретінде. Бұны өзгерттік, себебі мынау КСК тарапына көп сұрақтар туындайтын. Олар үй, пәтер меншік иелерінің атынан сөйлейтін. Сосын барып қызмет көрсететін компаниялардың орнына өздері қызмет жасайтын. Өздері солардың жұмыстарын бақылауға алатын. Бағасын өздері қойып, өздері ақшасын төлейтін,- деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

Өзгелердің жаңалығы