Біз шетелдік серіктестердің әрбір ұсынысын жоғары бағалаймыз - Смайылов

11 Тамыз 2022, 18:49
1264
Бөлісу:
Біз шетелдік серіктестердің әрбір ұсынысын жоғары бағалаймыз - Смайылов
PHOTO

 Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Al Badie Group for Trading and Investment (ABG) компаниясының бас директоры Халед Мохамед Аль Бадимен кездесу өткізді, онда автомобиль жолдарын салу саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ABG компаниясы еліміздегі ірі автожол жобаларын, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды жаңғыртуды қаржыландырып, оларды жүзеге асыруға ниет білдірді.

Біз шетелдік серіктестердің әрбір ұсынысын жоғары бағалаймыз - Смайылов

Премьер-Министр бүгінде араб инвесторларының Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Үкімет басшысының айтуынша, бұған таяуда Мемлекет басшысының БАӘ-ге сапары ықпал етті.

Біз шетелдік серіктестердің әрбір ұсынысын жоғары бағалаймыз, сондай-ақ инвестицияларды қорғау және қолайлы іскерлік ахуалды қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттемелерімізді орындаймыз, — деді Әлихан Смайылов. 

Өз кезегінде Халед Мохаммед Аль Абади ABG компаниясының әлемнің көптеген елдерінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды табысты іске асыруда тәжірибесі бар екенін айтты.

Екі ел басшыларының белсенді өзара іс-қимылы, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуы біздің Қазақстанға келуімізге себеп болды. Біз автожол жобаларын іске асыруды инвестициялауға мүдделіміз, сондықтан Қазақстан Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істегіміз келеді, — деді Халед Мохамед Аль Бади.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр компанияның ұсыныстарын тиісті мемлекеттік органдардың мұқият зерделеп, пысықтайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы