Біз еліміздің шекарасына нұқсан келтіретін бірде-бір келісімге жол бермеуіміз керек - Президент

18 Қараша 2021, 16:05
1799
Бөлісу:
Біз еліміздің шекарасына нұқсан келтіретін бірде-бір келісімге жол бермеуіміз керек - Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Біз тәуелсіздік пен еркіндікке, еліміздің шекарасы мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін бірде-бір келісімге жол бермеуіміз керек. Себебі осы қасиетті құндылықтар біз үшін бәрінен қымбат. Біз ең алдымен Қазақстанның мүдделерін табандылықпен қорғауымыз қажет, - деді Тоқаев.

Презиент атағандай, бесінші мәселеге ретінде Қазақстан дипломатиясының жаңа келбетін қалыптастыруды жатқызды.

Біздің дипломатиялық қызметке тың серпіліс қажет. Білікті мамандардың Сыртқы істер министрлігінен кетуі оның кадрлық әлеуетін әлсіретуде. Бұл – шын мәнінде, өзекті мәселе. Мен осы министрлік ең консервативті құрылымның бірі екенін білемін. Мұның жақсы жағы да бар. Дәстүр сақталады, кәсіби дипломаттар шоғыры қалыптасады. Дегенмен жағымсыз жағы да жоқ емес, - деді Мемлекет басшысы.


Өзгелердің жаңалығы