"Біз біргеміз" әні түрік тілінде шырқалды

19 Сәуір 2020, 18:33
2735
Бөлісу:
"Біз біргеміз" әні түрік тілінде шырқалды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркиялық әнші, композитор, түркі халықтарының музыкасын зерттеуші Ирфан Гюрдал "Біз біргеміз" әнін түрік тілінде орындап, өз үйінде клип түсірді.

Бұл әнді композитор Ибрагим Ескендір мен ақын Сырым Әуезхан #Birgemiz үндеуіне орай шығарған еді. Осылайша, өнерпаздар төтенше жағдай мен сын-сағатта халыққа рухани демеу беруді ұйғарған. 

Қазақстаннан Бекболат Тілеухан хабарласып, "Біз біргеміз" әнін түрік тіліне аударып шырқауды ұсынды. Бұл әнде де домбырадан бастап, барша түркі халқына ортақ музыкалық аспаптарда ойнауға тырыстым. Аудармаға, ән өңдеуге және үй жағдайында клип түсіруге шамамен 1-2 апта кетті", - дейді әнші. 


Айта кетейік, 9 сәуірде Ирфан Гюрдал "ҚазАқпарат" агенттігінің YouTube каналында онлайн концерт өткізген еді. Әнші түркі жұртшылығына ортақ көне аспаптарда ойнап, қазақ, қырғыз және түрік тілдерінде ән шырқады.


Өзгелердің жаңалығы