Биылдан бастап сұйытылған мұнай газын өндіру ұлғаяды

23 Тамыз 2023, 14:31
544
Бөлісу:
Биылдан бастап сұйытылған мұнай газын өндіру ұлғаяды
Фото: primeminister.kz

Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін сұйытылған мұнай газын өндіруді ұлғайту шаралары қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиында еліміздегі газ тұтынудың жыл сайын артып келе жатқаны, атап айтқанда, өткен жылдың қорытындысына сәйкес бұл көрсеткіш 1,8 млн тоннаны құрағаны айтылды. Бұл көлемнің 65%-ға жуығы автокөліктерге, 25%-ы өнеркәсіп кәсіпорындарына, 10%-ы халықтың қажеттіліктеріне және басқа да салаларға жұмсалды. 2023 жылғы болжамды газ тұтыну көлемі 1,9 млн тоннаны құрайды.

Артып келе жатқан қажеттіліктерді өтеу үшін бірқатар келешегі бар жаңа кен орындары игеріле бастайды. Олардан алғашқы өндірілген газды осы жылдың соңына дейін алу жоспарланып отыр.

Премьер-Министр жанар-жағармай нарығындағы жағдайды ұдайы бақылаудың және азаматтарды, өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік мекемелерді үздіксіз қамтамасыз ету үшін жоспарланған жобаларды уақтылы іске асырудың маңызды екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы