Биыл жұмысшы жастарға қанша пәтер беріледі?

20 Наурыз 2022, 14:43
1713
Бөлісу:
Биыл жұмысшы жастарға қанша пәтер беріледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының жұмысшы жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты жолдаған депутаттық сауалына жауап берді.

Жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне келетін болсақ, 2019 жылдан бері Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында үш жыл бойы қажет 9 000 пәтердің небәрі 7 000 пәтері салынды. Дәлірек айтқанда, 2019 жылы 3 000, 2020 жылы 1 000, 2021 жылы 3 мың, - деп айтты Әлихан Смайылов.

2020 жылы еліміздегі және әлемдегі коронавирустық пандемияға байланысты қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты бөлінген 21,6 млрд теңгенің (3 мың пәтерге) небәрі 7,2 млрд теңгесі (мың пәтерге) бөлінді.

2022 жылдың соңына дейін 2020 жылы жастар үшін бұрын жоспарланған тұрғын үй көлемін іске асыруды қамтамасыз ету көзделген. Мысалы, биыл 3 мың пәтердің құрылысы мен сатып алуға бюджеттен 21,6 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған, сонымен қатар тағы 2 мың пәтерге қажетті қаражатты бөлу жоспарланып отыр, - деп толықтырып өтті Үкімет басшысы.

Сөзінше, халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі уәкілетті органның тұрақты бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы