Биыл жерлестеріміз ақылы жолдармен 39 млн рет жүріп өткен

2 Қазан 2024, 17:41
231
Бөлісу:
Биыл жерлестеріміз ақылы жолдармен 39 млн рет жүріп өткен
Фото: ҚазАвтоЖол

Жыл басынан бері көлік жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 39 миллионнан астам рет жүріп өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Бұл сапалы жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артуын көрсетеді. Ақылы жолдар тек жылдам қозғалысты қамтамасыз етпей, сонымен қатар қалалар мен елдер арасындағы сенімді байланысты орнатып, аймақтардың экономикалық дамуына септігін тигізеді. Ең көп жүретін бағыт Шымкент-Өзбекстан шекарасы жолы, онда 6,6 млн сапар тіркелді. Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын бұл маршрут транспорттық дәліздің маңызды бөлігі әрі екі ел арасында экономикалық байланыстың дамуына маңызды, - деп жазылған хабарламада.

Келесі жолдар бойынша көлік жүргізушілері көп жүрген:

1. Шымкент – Өзбекстан шекарасы: 6,6 млн сапар;

2. Алматы – Қонаев: 4,8 млн сапар;

3. Шымкент – Тараз: 4,4 млн сапар;

4. Тараз – Қайнар: 3,6 млн сапар;

5. Шымкент – Қызылорда: 3,3 млн сапар;

6. Астана – Теміртау: 2,9 млн сапар;

7. Қонаев – Талдықорған: 2,7 млн сапар;

8. Астана – Щучинск: 2,5 млн сапар;

9. Щучинск – Көкшетау: 1,9 млн сапар;

10. Астана – Павлодар: 1,7 млн сапар;

11. Алматы – Қорғас: 1,6 млн сапар;

12. Көкшетау – Петропавл: 1,1 млн сапар;

13. Павлодар – Семей – Қалбатау: 887 мың сапар;

14. Орал – РФ шекарасы (Самараға): 637 мың сапар;

15. Павлодар – РФ шекарасы (Омбыға): 590 мың сапар;

16. Орал – РФ шекарасы (Саратовқа): 363 мың сапар.

17. Бейнеу — Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы): 152 мың сапар.

Өзгелердің жаңалығы