Биыл ұлттық жобалар аясында қанша жұмыс орны ашылатыны белгілі болды

7 Маусым 2022, 10:52
1235
Бөлісу:
Биыл ұлттық жобалар аясында қанша жұмыс орны ашылатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биыл ұлттық жобалар аясында қанша жұмыс орны ашылатынын айтты.

Министр келтірген мәлімет бойынша, ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналастыру қолға алынды. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша, биыл ұлттық жобалар аясында 269 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. 

Бүгінде электронды еңбек биржасына 691 кәсіпорын 1 мың инвестициялық жобада ашылатын 13 609 жұмыс орнын ұсынып отыр. Онда тек біліктілік талаптары ғана емес, сонымен бірге төленетін еңбекақы мөлшері және жұмыс орнының сипаттамасы да берілген. Қазіргі уақытта бос лауазымдарға жұмысқа тұру үшін өтініш берген адамдардың саны 5 мыңнан асты. Оның ішінде 1 000 адам жұмысқа орналастырылды, - деп айтты Тамара Дүйсенова.

Оның айтуына қарағанда, жобалардың және ондағы бос жұмыс орындарының тізімі  жобалардың әзір болуына қарай алдағы уақытта толықтырылып отырады. 

Біз жалпы жұмысқа тарту ісін Электронды биржа аясында жүргізуді қолдап отырмыз. Оның ашықтығы және қолжетімділігі жұмыспен қамту мәселелерінің жаңа мәдениетін қалыптастыруды және мемлекет қолға алып жатқан бастамалардан халқымызды толық хабардар ету мүмкіндігін қамтамасыз етеді, - деп түсіндірді министр. 

Өзгелердің жаңалығы