Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев түлектер ҰБТ-ны сәуір, мамыр және маусым айларында екі рет тапсыра алатынын жеткізді.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлеміз. Тестілеу процесі шифрлау элементтері бар арнайы VPN желісі арқылы жүзеге асырылады. ҰБТ-ның электрон форматты объективтілік пен академиялық адалдық жағынан бірқатар артықшылыққа ие. Атап айтқанда, нұсқаулардың және дұрыс жауап кодтардың бірегейлігі, - деп түсіндірді ол.
Түсуші қосымшада «авторизация» жасаған кезде ғана кездейсоқ таңдау әдісі арқылы қалыптастырады.
Оның үстіне дұрыс жауаптар коды авторизациялау жасаған кезде бөлінеді. Яғни кездейсоқ таңдау әдісін қолдану тест нұсқауларының бірдей болу ықтималдығын, сондай-ақ түсушілердің дұрыс жауап кодтарының сәйкес келу ықтималдығын болдырмайды, - дейді Әділет Тойбаев.
Түлектер ҰБТ-ны 3 ай, яғни сәуір, мамыр және маусым айларында екі (2) рет тапсыра алады.
Әрбір тестілеушінің ең үздік нәтижесі бойынша конкурсқа қатысуға мүмкіндігі бар. ҰБТ-ны әдеттегідей 3 міндетті және 2 бейінді пән бойынша тапсырады. Қатысушыларға 120 тест тапсырмасы беріледі, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы бойынша – 20 және екі бейіндік пән бойынша 35 тапсырмадан, - деп атап өтті БҒМ өкілі.
Тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады.
Карантин шектеулерінің сақталуына байланысты барлық санитарлық-эпидемиологиялық талап сақталады. Ғимаратқа кіргізу маска режимін сақтай отырып, кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып жүзеге асырылады. Сонымен қатар әрбір тестіленуші дезинфекциялық тунельдерден өтеді және әр түлектің өзінің қоршалған орны болады, - деп тоқталды ол.