Биыл сыртқы сауда айналымы 51 млрд долларды құрады - Премьер-министр

14 Шілде 2022, 12:46
1240
Бөлісу:
Биыл сыртқы сауда айналымы 51 млрд долларды құрады - Премьер-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. 

Айтуынша, қазіргі таңда сыртқы экономикалық жағдай белгісіздіктің жоғары деңгейімен сипатталады.

Әлемде өсіп келе жатқан геосаяси шиеленіс халықаралық өндірістік, көліктік және логистикалық тізбектердегі алшақтықты күшейтуде. Энергия ресурстары мен азық-түлік тауарларына бағаның жаппай өсуі байқалады. Көптеген елдерде инфляция рекордтық деңгейде, мысалы, АҚШ және Еуроодақта ол шамамен 9%-ды құрады. Халықаралық валюта қорының 2022 жылы әлемдік жалпы ішкі өнімнің өсуі бойынша болжамы 3,6%-ке дейін төмендетіліп, қайта қаралды, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сонымен қатар ол қолайсыз сыртқы экономикалық конъюнктураға қарамастан, біз елдің макроэкономикалық көрсеткіштерінің оң серпініне ие болып отырғанымызды айтты. 

Биыл қаңтар-мамырдың қорытындысы бойынша сыртқы сауда тауар айналымы 41%-ке өсіп, 51 млрд долларды құрады. Экспорт 59%-ға, оның ішінде, өңделген тауарлар экспорты 35%-ға өсті. Жалпы, оң сауда балансы 2,6 есеге артып, 17,1 млрд долларды құрады, - деді Әлихан Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы