Биыл СҚО-да қанша пәтер тапсырылады?

3 Шілде 2021, 17:05
7833
Бөлісу:
Биыл СҚО-да қанша пәтер тапсырылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов биыл қанша пәтер берілетінін айтты.

Біз жаңа тұрғын үй құрылысы бойынша жақсы қарқын алдық. 2017-2020 жылдар аралығында облыс бойынша 1 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы жылдар ішінде 10 мыңнан астам жаңа пәтер салынды. 35 мың солтүстікқазақстандық өз баспанасын алды, - деп айтты облыс әкімі баяндамасында.

Сонымен қатар облыста өткен жылы 306 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл - 3,3 мың пәтер.

Биыл құрылыс саласына 27 млрд теңге бөлінді. Ал 2020 жылы 18 млрд теңгеге бөлінген болатын. Өсім 50%-ды көрсетіп отыр. Бұл бізге 3,5 мың пәтер салуға мүмкіндік береді. Өңірдің 12 мыңнан астам тұрғыны қоныс тойын тойлайды, - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Әкімнің айтуынша, қазір облыс орталығында 46 көппәтерлі үй салынып жатыр, оның 18-і-жеке құрылыс салушылар. 2021 жылы 28 көпқабатты үй тапсырылады.

Қала бойынша барлығы 1,2 мыңнан астам ескі жеке үй бұзылды. 3,5 мың адам өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Биыл тағы 700 үйді бұзу жоспарланып отыр. Кешенді жоспар аясында 5 жыл ішінде 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл 21 мыңнан астам пәтер, - деді облыс басшысы.

Бұған дейін СҚО әкімі 5 жылда қанша шақырым жол жөнделетінін айтты.
Өзгелердің жаңалығы