Биыл СҚО-да 16 сүт кешені салынады

13 Ақпан 2021, 12:29
1646
Бөлісу:
Биыл СҚО-да 16 сүт кешені салынады

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жайында облыс әкімі Құмар Ақсақалов онлайн форматында өткен есептік кездесуінде мәлімдеді.

Қазіргі таңда ел нарығын, әсіресе, сүт өнімдері арасында кедендік одақ елдерінен жеткізілетін тауарлар жаулап алғаны өтірік емес. Осыған байланысты елде тауарлық сүт фермаларын көбейтіп, ішкі сұранысты қамтамасыз ету жоспары қойылып отыр.

Қарапайым мысал, әрбір қазақстандық жылына 340 литр сүт тұтынады екен. Ал, Солтүстік Қазақстан облысында тек өткен жылы ғана 598 мың тонна сүт өндірілген. Яғни, 1,7 миллион жерлесіміз отандық тауарды сатып алған. Бұл ел халқының 10 пайызы, сондықтан, алдағы уақытта жылдық өндірісті 1 миллион тоннаға жеткізуіміз керек, - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Биыл СҚО-да 16 сүт кешені салынады

Бұл саланы дамытудың басты алғышарты инвестиция тарту. Биыл өңірдегі «Маслодел» және «Eurasian milk» зауыты жаңа желілерді іске қоспақ. Бұл мақсатқа қос кәсіпорын 8,6 миллиард теңге қаржы құймақ.

«Маслодел» зауыты жаңа желілердің арқасында тауардың жаңадан 10 түрін шығарып, ассортиментін 70-тен 80-ге дейін ұлғайтады. Ал, «Eurasian milk» зауыты жылына 2,5 тонна ірімшік жетіспеушілігін жояды. Бұл өңір қажеттілігін толық қамтамасыз еді, тіпті, экспортқа шығаруды да жоспарлап отырмыз, - деді Құмар Ақсақалов.

Ауылшаруашылығын айтқан кезде ет-сүт өндірісі қатар аталады. Сондықтан, бұл саланы дамытуға да басымдық беріліп отыр. Осыған орай, Ақжар мен Уәлиханов ауданында 2 бордақылау алаңының құрылысы басталды. Бұдан басқа бройлерін фабрикаларының өнімін арттыру да жоспарланып отыр.

Мемлекет қолдауының арқасында кәсіпкерлерге демеуқаржы мен жеңілдетілген несиелер бөлініп, шаруашылықты жандандыруға мүмкіндік туды. Соңғы 5 жылда Солтүстік Қазақстан облысында 1,8 есеге өсіп, 779 миллиард теңгені құрады. Ендігі мақсат жылдық өндірісті 1 триллион теңгеге жеткізу - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы