Биыл Шымкентте 12 туристік жоба іске қосылады

14 Наурыз 2023, 22:47
967
Бөлісу:
Биыл Шымкентте 12 туристік жоба іске қосылады
Фото: gov.kz

Климаты мен географиялық орналасуы қолайлы үшінші мегаполисте биыл 12 жаңа туристік нысан ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл әлеуеті жоғары Шымкент қаласының аймақтағы ірі туристік орталықтардың бірі ретінде қалыптасуына септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашады.

Туризм саласындағы бұл инвестициялық жобалар – «Diamond Hotel», «Barsa», «Тәукехан Plaza», «Cosmopolitan Hotel», «7Jol» сияқты жайлы қонақ үйлер мен демалыс кешендері бой көтеріп, іске қосылады.

Жобаларды жүзеге асыру құны 9 млрд теңгені құрайды. Ашылатын жұмыс орындарының саны – 402 адам.

Өткен жылы қаламызда «Пана», «Дора», «Grand Villa Hotel», «Wind hotel», «Big rooms», «Graf» қонақ үйлері сынды 6 жоба жүзеге асырылып, 145 адам жұмыспен қамтылған болатын.

Бұл жұмыстар саланың дамуы мен қаламыздағы орта және шағын бизнестің өркендеуіне оң әсер етіп, тұрақты табыс көзі мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, – делінген мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы