Биыл Шығыс Қазақстан облысында 9 654 бала 1-сыныпқа барады

17 Тамыз 2023, 02:42
484
Бөлісу:
Биыл Шығыс Қазақстан облысында 9 654 бала 1-сыныпқа барады
Фото: архив

Биыл облыс бойынша 9 654 бала алғаш мектеп табалдырығын аттамақ, , деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығыс Қазақстанның 343 мектебі 1 қыркүйекте 98 мыңнан астам оқушыны қабылдайды. Олардың 9 654-і – бірінші сынып оқушылары. Жиналыстар мен кеңейтілген отырыстарда мектептеріміздің жаңа оқу жылына дайындығын бірнеше мәрте талқыладық. Әр әкім балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп спорт алаңдары мен залдарын жеке тексеруі керек. Бұл өте маңызды! Облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері мен басшысының міндетін атқарушы Жұмабек Қамбетовтің құзыреттілігі күмән тудырады. Шенеунік ШҚО-да Самар ауданындағы бір ғана мектептің ғимарат ішінде қазандығы бар екенін білмеді, енді оны мектептен көшіру мәселесі шешіліп жатыр. Шағын жинақталған мектептерде бастауыш сынып балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Мәселелердің мән-жайын нақты білмеу бірнеше ведомстволардың жұмысына күмән келтіреді. Мен министрге Жұмабек Қамбетовтің құзыреттілігі туралы сұрақпен жүгінетін боламын. Жалпы, өңірде апатты және үш ауысымды мектептер жоқ. Әр оқу орнында жылы дәретханалар бар. Тамыз айының соңына дейін барлық мектеп оқулықтармен қамтамасыз етіледі. 128 мектеп автобусы балаларды тасымалдайтын болады. Өңірдің барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар 41 колледж 18 250 студентті қабылдайды. Жаңа оқу жылына дайындалуға қатысты барлық мәселелер күнделікті бақылауымда, – дейді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы